Негізгі қауіпсіздік ережелері
-
ТЕК ТАҒАМҒА АРНАЛҒАНThermomix – тағам дайындау үшін ғана пайдаланылуға арналған пісіру құралы.
-
АБАЙЛАП ПАЙДАЛАНЫҢЫЗThermomix құрылғысымен пісіру кезінде абай болыңыз және алғаш рет пайдаланушыларды бақылап отырыңыз немесе Thermomix құрылғысын пайдалану туралы нұсқаулар беріңіз. Әрқашан мұқият болып, Thermomix құрылғысымен пісіру кезінде балаларды жақындатпаңыз.
-
МЫНАЛАРДЫ ТЕКСЕРІҢІЗПайдаланудан бұрын Thermomix құрылғысын және жалғау кабелі, араластыру науасы, қақпағы не қақпақтағы тығыздағыш сақина (тек TM31) сияқты керек-жарақтарының зақымдалу дәрежесін тексеріңіз. Зақымдалмаған және бөлшектері дұрыс орнатылған жағдайда ғана пайдаланыңыз.
-
КОРПУСЫН ҚҰРҒАҚ КҮЙІНДЕ САҚТАҢЫЗThermomix корпусын суға тигізбеңіз. Корпустың ішіне су, сұйықтық не қатты тағам қалдықтарының кіруіне жол бермеңіз. Корпусты тек ылғал шүберекпен тазалаңыз. Тазалаудан бұрын Thermomix құралын қуат желісінен ажыратыңыз.
-
ЖАСЫЛ ТҮСТІ ТЫҒЫЗДАҒЫШ САҚИНАНЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗThermomix TM31 құрылғысын жасыл тығыздағыш сақинаны араластыру науасының қақпағына дұрыс бекітіп пайдаланыңыз. Егер сізде жасыл нығыздағыш сақина жоқ болса, жергілікті тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінен тапсырыс бере аласыз.
-
АУЫСТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗТығыздау сақинасы (тек TM31) екі жыл сайын немесе зақымдалған жағдайда, тез арада ауыстырыңыз. Тек түпнұсқалық Vorwerk Thermomix керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
-
ПЫШАҚ ЖҮЗДЕРІ ӨТКІРАраластыру пышағының жүзі тым өткір. Араластыру пышағын шығарып алу не қайта салу кезінде оның жоғарғы бөлігінен ғана ұстаңыз. Thermomix құрылғысы қосулы тұрғанда араластыру пышағына тиіспеңіз.
-
ТИІСТІ ОРЫНДЫ ТАБУThermomix құрылғысын сырғанап кетпеуі үшін таза, қатты, тегіс және қызып кетпейтін бетке қойыңыз. Thermomix құрылғысын асханадағы плитадан алысқа орналастырыңыз, себебі ол қызып кетсе, өрт шығуы мүмкін.
-
ЖЫЛЖУЫ МҮМКІНThermomix құрылғысын беттің кырларынан алысқа қойыңыз, себебі камыр араластыру не тағамды майдалау кезінде, Thermomix жылжып кетуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрғанда аспапты бақылап отырыңыз.