Негізгі қауіпсіздік ережелері
-
ТЕК ТАҒАМҒА АРНАЛҒАНThermomix – тағам дайындау үшін ғана пайдаланылуға арналған пісіру құралы.
-
АБАЙЛАП ПАЙДАЛАНЫҢЫЗThermomix құрылғысымен пісіру кезінде абай болыңыз және алғаш рет пайдаланушыларды бақылап отырыңыз немесе Thermomix құрылғысын пайдалану туралы нұсқаулар беріңіз. Әрқашан мұқият болып, Thermomix құрылғысымен пісіру кезінде балаларды жақындатпаңыз.
-
МЫНАЛАРДЫ ТЕКСЕРІҢІЗПайдаланудан бұрын Thermomix құрылғысын және жалғау кабелі, араластыру науасы, қақпағы не қақпақтағы тығыздағыш сақина (тек TM31) сияқты керек-жарақтарының зақымдалу дәрежесін тексеріңіз. Зақымдалмаған және бөлшектері дұрыс орнатылған жағдайда ғана пайдаланыңыз.
-
КОРПУСЫН ҚҰРҒАҚ КҮЙІНДЕ САҚТАҢЫЗThermomix корпусын суға тигізбеңіз. Корпустың ішіне су, сұйықтық не қатты тағам қалдықтарының кіруіне жол бермеңіз. Корпусты тек ылғал шүберекпен тазалаңыз. Тазалаудан бұрын Thermomix құралын қуат желісінен ажыратыңыз.
-
ЖАСЫЛ ТҮСТІ ТЫҒЫЗДАҒЫШ САҚИНАНЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗThermomix TM31 құрылғысын жасыл тығыздағыш сақинаны араластыру науасының қақпағына дұрыс бекітіп пайдаланыңыз. Жасыл түсті тығыздағыш сақинасы болмаса, XXXXXXXXXXXXX арқылы тапсырыс беруге болады.
-
АУЫСТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗТығыздау сақинасы (тек TM31) екі жыл сайын немесе зақымдалған жағдайда, тез арада ауыстырыңыз. Тек түпнұсқалық Vorwerk Thermomix керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
-
ПЫШАҚ ЖҮЗДЕРІ ӨТКІРАраластыру пышағының жүзі тым өткір. Араластыру пышағын шығарып алу не қайта салу кезінде оның жоғарғы бөлігінен ғана ұстаңыз. Thermomix құрылғысы қосулы тұрғанда араластыру пышағына тиіспеңіз.
-
ТИІСТІ ОРЫНДЫ ТАБУThermomix құрылғысын сырғанап кетпеуі үшін таза, қатты, тегіс және қызып кетпейтін бетке қойыңыз. Thermomix құрылғысын асханадағы плитадан алысқа орналастырыңыз, себебі ол қызып кетсе, өрт шығуы мүмкін.
-
ЖЫЛЖУЫ МҮМКІНThermomix құрылғысын беттің кырларынан алысқа қойыңыз, себебі камыр араластыру не тағамды майдалау кезінде, Thermomix жылжып кетуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрғанда аспапты бақылап отырыңыз.